ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

Ақпаратты қорғау кафедрасы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес 2012 жылғы мамырда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында «Әскери істегі ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша офицерлік кадрлар даярлау мақсатында ақпаратты қорғау кафедрасы құрылды. Сол жылы бірінші рет курсанттарды қабылдады.

Ақпаратты қорғау кафедрасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да күштік құрылымдарының мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық (кибер) қауіпсіздік бөлімшелеріне арналған «Әскери істегі ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» біліктілігі бар мамандарды даярлауға арналған.

КАФЕДРАНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

  • ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты техникалық қорғау курсанттарды оқыту;
  • арнайы байланысты ұйымдастыру және жүзеге асыру курсанттарды оқыту;
  • түлектерге құпиялық режимін ұйымдастыру және құпия іс жүргізуді дағдыландыру.

Кафедрада 20 базалық, бейіндеуші және арнайы пәндер оқытылады, олардың негізгілері:

Есептеу жүйелері мен желілерінде ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің криптографиялық әдістері мен құралдары;

  • Ақпаратты қорғаудың кешенді әдістері мен құралдары;
  • Есептеу желілері;
  • Жүйелік әкімшілендіру;
  • Техникалық барлау құралдарына қарсы тұру;
  • Құпиялылық режимін ұйымдастыру;
  • Жасырын байланыс құралдарын қолдану;
  • Қорғалған құжат айналымының технологиясы.

Осы мамандық бойынша оқитын курсанттар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (әлеуетті құрылымдардың) мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелеріндегі бастапқы лауазымдарды жинақтауға арналған. Бірінші түлектер 2017 жылы оқуын аяқтады.

КАФЕДРАНЫҢ ОҚУ-МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ

  • ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары және жасырын байланыс құралдарын қолдану бойынша мамандандырылған дәрісханалар.
  • ведомстволық деректер беру желісінің (ВДБЖ) жабдықтарымен кафедраның локальды желісінің жабық сегменті.

Желілік қауіпсіздік оқу зертханасы (киберполигон) - ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің өзекті түрлерін модельдеу, осалдықтарды анықтау және желілік шабуылдардан қорғау бойынша іс-қимылдарды практикалық пысықтау.