Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының ұжымы әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акциясына белсенді түрде атсалысты.
Әскери институттың жеке құрамы жиырма оқушыға кеңсе заттарын сыйға тартты.
– Көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ ауыр сырқаттары бар балаларға ерекше назар аудардық. Оларға сабаққа қажетті оқу құралдарын алып бердік, – деді әскери оқу орны бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Медғат Мадрахимов.
Сонымен қатар, институт психологтары ата-аналарға арналған тренинг ұйымдастырып, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты үйлестіру құпияларын айтты.