ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында үміткерлер тізімге алынды

Қатаң іріктеу нәтижесінде мандаттық комиссия ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орнына қабылданатын 200-ден астам адамды таңдады.

Алда жас жауынгер курсы өтеді. Олар курс барысында саптық, дене шынықтыру, атыс дайындығының негіздерін, жалпы әскери жарғыларды оқып, практикалық атыстарды орындайды. 

– Алғашқы сынақтар өтті. Оңай болған жоқ. Алда әскер өмірінің қыр-сырын үйренуге қатысты көптеген оқиғалар болатынын білемін. Алға қойған мақсатым айқын. Бастысы кәсіби тұрғыда қалыптасу үшін қажеттінің бәрін үйренуім керек, – деді оқуға түсуге үміткер Елнар Жомартқали.

Бір айлық курстан өткен жас жауынгерлер әскери ант береді. 

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің ынтымақтастығы аясында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында Қырғызстанның жеті азаматы білім алады. Олар жас жауынгер курсын оқып, өз Отанында ант берген соң Алматыдағы білім ордасына келеді. 

Сонымен қатар рейтинг қорытындысы бойынша үздік курсанттар Түркия Республикасының, Оңтүстік Кореяның және Ресей Федерациясының әскери жоғары оқу орындарына оқуға жіберілетін атап өткен жөн.

 

      


Ілгері